Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы қанша теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 455– 461 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Доллар
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 456,7 – 461,3 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 455 – 461 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 3 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 454,56 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,06 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,9 - 5,05 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 29 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1 теңгеге қымбаттап, 454,69 теңге болған.