Ақша айырбастау пункттерінде доллар 457-459 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 457– 459 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: pixabay.com.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,3 – 459,7 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 457 – 459 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 27 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 456,22 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,03 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 26 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,30 теңгеге төмендеп 456,30 теңге болған.