Ақша айырбастау пунктілерінде доллар 461-465 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 461-465 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461– 465 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 462,9-465,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,55 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,19 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,05-5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,13-5,23 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 16 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,11 теңгеге төмендеп, 461,53 теңге болған.