Ақша айырбастау пункттерінде доллар 464 - 469 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 464 – 469 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 464 - 469 теңгеден сатылып жатыр
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465 - 469 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 464,5 - 468 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 6 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465,14 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,91 - 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,1 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 3 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,97 теңгеге қымбаттап, 464, 98 теңге болған.