Ақша айырбастау пунктілерінде доллар бағамы қанша теңге

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатырАстана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453-458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Доллар
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5-458 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 453,5-457,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 9 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,40 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,99 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,87-5,02 теңгеден сатылымда.

Айта кетейік, 8 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,02 теңгеге қымбаттап, 453,40 теңге болған. 

Соңғы жаңалықтар