Ақша айырбастау пункттерінде доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 466 - 470 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466 - 470 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 467 - 469,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 8 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 464,49 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89 - 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,05 теңгеден.
Айта кетейік, 7 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,12 теңгеге қымбаттап, 464, 72 теңге болған.