Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 — 504 теңге аралығында саудаланып жатыр.

доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық банктің 27 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,75 теңге. Еуро — 524,28.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504,5 теңге. Еуро 523,5 — 527,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 499 теңге, сатып алу құны — 504 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,82 — 4,92 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 26 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 498,58 теңге болған.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.