Ақша айырбастау орындарында доллар 441 – 446 теңге аралығында саудаланып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441- 446 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,5– 445,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 443 – 446,5 теңге аралығында құбылып тұр.

24 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,91 теңгеге қымбаттап, 444,67 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444,44 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,56 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,48 - 5,58 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар