Ақша айырбастау орындарында доллар 442-447 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 442–447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 442-447 теңгеден сатылып жатыр

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442– 446, теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздің өзге өңірлерінде 445,5 - 448 теңгеден саудаланып жатыр.
10 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,57 теңгеге қымбаттап, 444,59 теңге болған.
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 444,89 теңге.