Ақша айырбастау орындарында доллар 443 – 448 теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 448 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443 – 448  теңгеден саудаланып жатыр

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5– 448 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444,5 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.

25 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 445,07 теңге болған. Ұлттық банктің 26 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 445,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,94 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 5,03 теңге аралығында саудаланса, Астанада көрші ел валютасы 4,85 - 4,95 теңгеден сатылып жатыр.