Ақша айырбастау орындарында доллар 445-450 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445- 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445– 449 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 450 теңге аралығында құбылып тұр.

2 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 51 теңгеге төмендеп, 448,16 теңге болған.

Ұлттық банктің 5 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,90 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,54 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39 – 5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,4 - 5,55 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар