Ақша айырбастау орындарында доллар 445-452 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445 - 452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,5– 449,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 448,5 – 452,5 теңге аралығында құбылып тұр.
16 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 19 теңгеге төмендеп, 450,66 теңге болған.
Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,99 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,40 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27 – 5,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,28 - 5,38 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар