Ақша айырбастау орындарында доллар 448- 457 теңгеден сатылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448- 457 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-453 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 452-457 теңге аралығында құбылып тұр.

10 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 85 теңгеге қымбаттап, 447, 01 теңге болған.

Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,87 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7-5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,82-5,92 теңгеден сатылуда.