09:20, 19 Сәуір 2023 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар 449-454 теңгеден сатылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449- 454 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449– 453 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 450 – 454 теңге аралығында құбылып тұр.
18 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 43 теңгеге қымбаттап, 451, 08 теңге болған.
Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 451, 00 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,53 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,47 - 5,57 теңгеден сатылуда.