Ақша айырбастау орындарында доллар 451- 456 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451- 456 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 451- 456 теңгеден сатылып жатыр

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451 – 455 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 452,5 – 456 теңге аралығында құбылып тұр.

25 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,52 теңгеге төмендеп, 454, 88 теңге болған.

Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 455, 04 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,59 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,5 - 5,6 теңгеден сатылуда.