09:07, 30 Қаңтар 2023 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар 459-463 теңгеден сатылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-465 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459-462 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 459,5-463 теңге аралығында құбылып тұр.
27 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 87 теңгеге төмендеп, 460,44 теңге болған.
Ұлттық банктің 30 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 460,43 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,65 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,32-6, 62 теңге аралығында саудаланып жатыр.