Ақша айырбастау орындарында доллар 461-466 теңгеден сатылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461- 466 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461,5 – 464,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 462– 466 теңге аралығында құбылып тұр.
11 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,30 теңгеге қымбаттап, 462, 19 теңге болған.
Ұлттық банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 20теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,69 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35– 6, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.