Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451 – 456 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,5– 456 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 452,5 – 456,5 теңге аралығында құбылып тұр.
22 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,74 тиынға қымбаттап, 453,14 теңге болған.
Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 453,13 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,81 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73 – 4,93теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75 - 4,85 теңгеден сатылуда.