Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 464 – 468 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464– 468 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 465,5 – 468,5 теңге аралығында құбылып тұр.
13 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,51 теңгеге қымбаттап, 464,65 теңге болған.
Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 463,98 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,84 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75 – 4, 97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,77 - 4,87 теңгеден сатылуда.