Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 19 мамырға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 449,19 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,61 теңге.
18 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 72 теңгеге төмендеп, 449,05 теңге болған.
Ресей валютасы 5,60 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 – 448 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 444,5– 450 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,52 – 5,6 теңгеге сатып алуға болады.
Астанада көрші ел валютасы 5, 52 – 5,62 теңгеден саудаланып жатыр.