Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль арзандап жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443- 449 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5– 447,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 445,5 – 449 теңге аралығында құбылып тұр.

7 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 19 теңгеге төмендеп, 446,56 теңге болған.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,65 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,49 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39 – 5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,35 - 5,5 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар
telegram