Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль құны қандай
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448 - 452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448– 452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 449 – 451,5 теңге аралығында құбылып тұр.
KASE-де 1 шілде күнінің кешінде өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 3 теңгеге төмендеп, 449,26 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 3 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 449,33 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,17 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,99 – 5,25 теңге, Астанада 4,90 - 5,10 теңге аралығында ұсынылуда.