Ақша айырбастау орындарында рубль бағамы төмендеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,63-4,85 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал, Астанада 4,65-4,77 теңге аралығында құбылып тұр. Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Ресей рублінің құны - 4,67-4,74 теңге.
4 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,69 теңге болған.
Ұлттық банктің 7 тамыздағы ресми бағамы – 1 рубль 4,69 теңге.
Айта кетейік, маусым айынан бері Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы құбылып тұр.