09:16, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы сәл төмендеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472- 478 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz мәлметі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472,5 – 477 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 473 – 478 теңге аралығында құбылып тұр. 22 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,50 теңгеге төмендеп, 473, 95 теңге болған.
Ұлттық банктің 23 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 473, 99 теңге. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35 – 7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.