13:09, 12 Шілде 2022 | GMT +5
Ақша айырбастау пунктілерінде доллар 471-476 теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде дүйсенбімен салыстырғанда доллар бағамы сәл артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469 – 475 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 471 – 476,50 теңге аралығында құбылып тұр.
11 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,86 теңгеге арзандап, 465,26 теңге болған.
Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464, 85 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7 – 7,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.