Ақша айырбастау пунктілерінде доллар 474-479 теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде бейсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 478 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 475 – 479,50 теңге аралығында құбылып тұр.
7 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,66 теңгеге қымбаттап, 477, 43 теңге болған.
Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 24 теңге.