Ақша айырбастау пунктілерінде доллар 480 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктілерінде сәрсенбімен салыстырғанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475-478 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы – 476-480,50 теңге аралығында құбылып тұр.

13 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге қымбаттап, 475,95 теңге болған.

Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475,91 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,1-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар