09:20, 18 Шілде 2022 | GMT +5
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 483 теңгеден сатылып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде 478-480 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476 – 481 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 478 – 483 теңге аралығында құбылып тұр. 15 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге арзандап, 480,58 теңге болған.
Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480,37 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 – 7, 65 теңге аралығында саудаланып жатыр.