Ақшалы алпауыт қала сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та марихуана өндіруші  ақшалы алпауыт Калифорния  штатында осы саладағы туриндустрияны дамыту үшін қала сатып алды, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Ақшалы алпауыт қала сатып алды

«Біз туризмнің бұл түрін дамыту мүмкіндігін қолдан шығарып алғымыз келмеді», - деді жоба менеджері Стивен Шерин.

 5 млн долларға сатып алынған қала Лас-Вегастан небәрі бір сағаттық жол. Онда 20 адам тұрады. Бір жарым жылда инвесторлар оған тағы $2,5 млн салуды жоспарлауда.

Сатылым 125 акр жер,  дүкен, қонақүй, мектеп, минералдық ваннаны қамтиды  және жаңа құрылыстар салу жоспарлануда. Энергияны жаңартылған көздерден алады.

Марихуана Калифорнияда 2016 жылы заңдастырылған.