Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң - талтаңда!

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Evraz Group холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы әрі қожайындарының бірі Александр Абрамов Жаңа Зеландияда ең қымбат үй салуды жоспарлап отыр. The New Zealand Herald газетінің жазуынша, қазіргі уақытта бұл атақты құны 35 миллион долларды құрайтын Chrisco зәулім сарайы иелік етеді.

Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң - талтаңда!

Басылымның мәліметтеріне сәйкес, бизнесмен Хелена Бей ауданындағы жер телімін 15,9 миллион долларға сатып алған. Бой көтеретін зәулім сарайдың жалпы аумағы 3600 шаршы метрді құрайтын болады. Сондай-ақ учаскеде шығанақ жағалауына дейін созылған серуен бағы және яхтаға арналған айлақ салынады. Жалпы жоба құны 40 миллион доллар болуы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан Northland Coastal Developments компаниясының ақпаратына қарағанда, ғимараттың іргетасы құйылып, шығанақ жағалауы бекітілген. Қазіргі уақытта үйдің қабырғасы тұрғызылуда.  

Байлығы 5,4 млрд. долларға бағаланған бизнесмен  Ресейде Forbes журналының тізімінде 21-ші, әлемдік тізімде 189-шы орында тұр.