Ақшасын төлеп, ғарышқа ұшқан алғашқы туристер Жерге оралды
АСТАНА. KAZINFORM — Алғаш рет коммерциялық рейспен ғарышқа аттанған туристер жерге сәтті оралды, деп хабарлайды немістің BILD басылымы.
Dragon's hatch is open and the Polaris Dawn crew is getting ready to exit the spacecraft pic.twitter.com/KItVBSwJff
— SpaceX (@SpaceX) September 15, 2024
Polaris Dawn жеке ғарыш миссиясы сәтті аяқталды. SpaceX компаниясының Crew Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні таңертең теңізге қонды.
Компанияның мәліметінше, олар түскен жер Флориданың оңтүстігіне жақын маңда.
Миллиардер Джаред Айзекман және тағы үш әуесқой ғарышкердің саяхаты 10 қыркүйекте басталған болатын.
Флориданың батыс жағалауындағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейін Crew Dragon шамамен 1400 шақырым биіктікке көтерілді.
Dragon and the Polaris Dawn crew splash down off the coast of Florida, completing the @PolarisProgram's first human spaceflight mission pic.twitter.com/Sobt66zxnL
— SpaceX (@SpaceX) September 15, 2024
SpaceX айтуынша, бұл — 1970-ші жылдардың басында айға жол тапқан Аполлон ғарыш бағдарламасы арқылы жасалған соңғы ұшырылымнан бергі жерге дейінгі ең үлкен арақашықтық.
Мысалы, ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан ХҒС ғарыш станциясы шамамен 400 шақырым биіктікте орналасқан.