«Ақшың» сауда үйіндегі жағдай облыс әкімдігінің жеке бақылауына алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті. Жиынға ТЖД, Полиция департаментінің өкілдері, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары мен қала тұрғындары қатысты. 

Семей
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатыр. Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің құқығын қорғау, туындаған мәселені шешумен айналысатын «жұмыс және жедел-тергеу» тобы құрылды. 

«Мен сіздерге қолдау жасалатынын және бұл жағдайға байланысты жан-жақты ашық шешім қабылдауға кепілдік беремін. Мемлекеттік көмектің барлық тетігі ұсынылады. Арнайы қор құру жоспарланған, өйткені жергілікті кәсіпкерлердің де көмектесуге ниеті бар. Біз жағдай реттелмейінше өз өніміңізді сататын 13 сауда орнын ұсынамыз», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев. 

Семей
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық мәселені қарастыратын кәсіпкерлерден бастамашыл топ құру ұсынылды. 

Семей
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Семей қаласындағы ірі «Ақшың» сауда орталығындағы өртке қатысты жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауына алынды. 

Соңғы жаңалықтар