Ақсу ауданына қарасты Қарасу елді мекенін су шаю қаупі әлі сейілген жоқ - ТЖМ
Аймақта табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғастырылуда.
Бұған дейін хабарланғандай, наурыздың 27-сі күні кешқұрым Ақсу өзені мен Қарасу елді мекеніне жақын орналасқан кішігірім өзендерде су деңгейінің көтерілуі себепті Қарасу ауылын су басу қаупі төніп, ондағы барлық 225 тұрғын ауыл мектебіне көшірілді. Ал Қарасу-Матай автожолының 16-шы шақырымында тасқын су тікбұрышты темір бетонды көпірді шайып кетті.
Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, наурыздың 30-ы кешкі сағат 21.00-дегі жағдай бойынша, Қарасу-Матай күре жолы бойындағы апатты жағдайдағы көпірді қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда. Тұрғын аумақтардан ағынды суды бұру жұмыстарымен ауылдың 25 тұрғыны мен 1 техника айналысып жатыр.
Су деңгейін тәулік бойы бақылау кезегі ұйымдастырылды.