Ақсу ауданының ауылдарындағы қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан 200-ден астам адам құрмет грамоталарымен марапатталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қызылағаштағы келеңсіз жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ,
None
None

осы қайғылы оқиға кезінде Қазақстан халқының ең жақсы қасиеттері - адамдардың қайғысына ортақтасу, ынтымақтасу, бірігу қасиеттері тағы да көрінді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов бүгін Қызылағашта өткен арнайы штабтың соңғы отырысында мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, облыстың ішкі істер және төтенше жағдайлар департаметтерінің қызметкерлері табиғат апатының салдарын жоюға белсенді атсалысты. «ТАТЭК», «Қазақтелеком» компаниялары, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалдау және автокөлік жолдары қызметтері электр және телефон байланыстарын қалпына келтіру, ауыз су құбырларын тарту, жол төсеу жұмыстарында жеделдік көрсетті.

«Адамдардың қайғысына ортақтасқандарыңыз үшін Сіздерге үлкен алғыс. Қызылағаш оқиғасы біздің дайындықтарымыздың жоғары деңгейін көрсетті. Мұны Елбасы да бағалап отыр, сол кісінің және бүкіл Қазақстан халқының қолдауының арқасында, біз қысқа ғана мерзімнің ішінде ауылдарды қалпына келтірдік. Ендігі міндет - осы ауылдарды бүгінгідей таза күйінде сақтап, әрі қарай абаттандыра, көгалдандыра түсу», деп атап көрсетті облыс әкімі өз сөзінде.

Ауылдардағы қалпына келтіру жұмыстарына тікелей атсалысқан 200-ден астам адам бүгін Қызылғашта өткен жиында құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар