Ақсу энергетиктері өздерінің және жетімдер үйінің балалары үшін жаңажылдық мереке ұйымдастырды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның ұжымдары Павлодар облысында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен театрландырылған көрмені дайындап, балаларға арналған жаңажылдық мерекелерді ұйымдастырды,
деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын балалар мерекесіне сондай-ақ қалалық Ақсу қаласының жетімдер үйі мен Екібастұздағы «Үміт» жетімдер үйінің балаларын шақырды. Компанияның кәсіподақ комитеті мүгедек балалар үшін қаражат бөлді. Жеті мыңнан астам ұл-қыздар тәтті сыйлықтар алды.
Мерекеге орай «ЕЭК» АҚ-ның «Восточный» разрезінің қызметкерлері Екібастұз алаңындағы қысқы қалашықта биіктігі алты метрлік мұз төбешігін салды. Балалар үшін қаладағы шағынаудандардың бірінде мұз айдыны құйылды.