01:33, 04 Маусым 2023 | GMT +5
Ақсу қаласында субұрқаққа шомылған 3 жасар қызды тоқ соқты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақсу қаласында субұрқаққа шомылған 3 жасар қыз баланы тоқ соқты, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.
Соңғы деректерге сай, бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы келтірген дерекке сай, 3 жас 9 айлық қыз баланы 3 маусым күні 15:53-те ауруханаға оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі жеткізген. Куәгерлердің айтуынша, ол субұрқаққа түскен кезде тоқ соққан. Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болған, есін білмеген.
Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, Ақсулық дәрігерлерге көмекке санавиациямен Павлодар қаласынан мамандар келген. 21 сағаттағы ахуал бойынша, баланың жағдайы жақсарған. Қазіргі сәтте есін жиған. Жіті емдеу және жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.