Ақсу қаласында жүргізушіні КамАЗ басып кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 1 қазан сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласында болған.
Қаладағы жанармай құю стансаларының бірінің аумағында КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі осы көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған.
«Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүріп жатыр.
Видеодан алын ғ ан кадр