Ақсу тұрғыны Ертіс өзеніне батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өзенінің белгіленбеген бөлігінде суға түскен Ақсу тұрғыны батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақсу тұрғыны Ертіс өзеніне батып кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жедел кезекшіге сағат 16:17-де Мұнай базасы аумағындағы Ертіс өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі мен құтқару бөлімшесі жедел жетті.

«Ақсу қаласында тұратын 2000 жылы туған ер адамның сағат 16:06-де достарымен ішімдік ішкені анықталды. Осыдан кейін азамат суға түсіп, өз күшін есептемей, батып кеткен», - деп атап өтілген баспасөз баяндамада.

Айта кетер болсақ, бұған дейін Павлодар облысында 1999 жылы туған ер адам рұқсат етілмеген жерде суға шомылып, батып кеткен еді.