Ақсуатқа тікұшақ тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізді

тасқын
Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Абай облысының Ақсуат ауданына тікұшақпен азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тікұшақпен гуманитарлық көмек Кіндікті, Үштөбе, Қызылкесік ауылдарына жеткізілді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

тікұшақ
Фото: Абай облысы әкімдігі

Кіндікті ауылына 40 қап ұн, 50 кг май, 300 кг макарон және дәрі-дәрмек, ал Үштөбе ауылына 40 қап ұн, 300 кг макарон және май, қант және басқа да қажетті заттар жеткізілді. 

тікұшақ
Фото: Абай облысы әкімдігі

Еске сала кетейік, Абай облысында кейінгі күндері тасқын су талайдың мазасын қашырды. 

Жер жібіп қатып, дамбылар мен елді мекендерді қызыл су басты.

тікұшақ
Фото: Абай облысы әкімдігі

 Аягөз және Ақсуат аудандарында қауіпсіздік мақсатында тұрғындар арнайы дайындалған эвакуациялық пунктілерге көшірілген еді.

тікұшақ
Фото: Абай облысы әкімдігі

Қазіргі уақытта олар үйлеріне қайтып жатыр. 

Кеше Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы жаңалықтар