Ақсуда өрттен 1 адам мерт болып, 25-і қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Ақсу қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің пәтерінен шыққан өрттің салдарынан 1 адам құрбан болып, тағы 25-і қауіпсіз жерге көшірілді,

Ақсуда  өрттен 1 адам мерт болып, 25-і қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖМ

деп хабарлады ТЖМ.

Оқиға қаңтардың 15-і күні сағат 22.27-де орын алған. Сегіз шаршы метр аумаққа тараған жалынды сөндіру барысында 62 жастағы азаматтың денесі табылды. Сондай-ақ көмірқышқыл газына уланған 82 жастағы кейуана ауруханаға жеткізілді.

«Тағы 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 4 сағатқа жуық уақыттан кейін ауыздықталды», - деп анықтады баспасөз қызметінен.