Ақсуда полиция капитаны мас күйінде бірнеше көлікті соққан - Павлодар облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақсу қаласында полиция капитаны Мақсат Айтқазин алкогольдік мас күйінде «Тойота-Камри» темір тұлпарымен автокөлік тұратын орында бірнеше көлікті соққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Ақсуда полиция капитаны мас күйінде бірнеше көлікті соққан - Павлодар облысы

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл оқиға тәртіп сақшысы кезекті еңбек демалысында жүрген кезінде орын алған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.
"Полиция қызметкерін ішкі істер органынан осы бір әрекеті үшін жұмыстан шығару қарастырылуда. Ол құқық қорғау органының беделін түсірген. Сонымен қатар тікелей бастықтары да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Полицейлермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы  «мас күйінде көлік құралық басқару салдарынан жол апатының орын алуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді", - деді департаментте. 


Фото: Instagram Vpavlodare