Ақтау әуежайында есірткі жұтып алған екі шетел азаматы ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады. 

есірткі жұтқан
Фото: ҚР ҰҚК

Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті.

Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды.

күдікті
Фото: ҚР ҰҚК

Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан асады.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар