Ақтау әуежайында ірі көлемде контрабандалық бұйымдар ұсталды

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат. Бүгін, 27 қазанда сағат 04.00-де жедел сауықтыру шараларын өткізу барысында «Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің қызметкерлері мен Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері,

Ақтау әуежайында ірі көлемде контрабандалық бұйымдар ұсталды

Ақтау халықаралық әуежайында №844 «Ыстамбұл-Ақтау» әуе рейсімен келген жолаушыларды кедендік бақылаудан өткізу кезінде, рентген аппараты арқылы осы әуе рейсімен ұшып келген ҚР азаматшасы 1959 жылы туылған, Ақтөбе қаласының тұрғыны М. есімді азаматшаның жүк сөмкесінің ішінен, киімдердің арасынан, кедендік бақылаудан жасырын алып өтпекші болған металлдан жасалған ақ және сұр түсті таңбалар басылған жалпы саны 664 дана бұйымдары және әр түсті таңбасыз металлдан жасалған жалпы саны 327 дана бұйымдар табылды. Бұл хабарды Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті таратып отыр.

Осы дерек бойынша Контрабандаға қарсы күрес басқармасында тергеу алды тексеру шаралары жүргізілуде.