01:25, 17 Шілде 2017 | GMT +5
Ақтау әуежайында SCAT рейстері кешігіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - SCAT әуе компаниясының Ақтаудан ұшатын бірқатар рейстері кешігіп жатыр. Сочи, Мәскеу, Баку, Тбилиси және Ыстамбұл бағыттарына қатынайтын ұшақтар бірнеше сағатқа шегерілді, деп жазады Лада.кз.

Сондай-ақ Баку, Орал, Тбилиси, Шымкент, Мәскеу, Сочи, Астана, Атыраудан Ақтауға ұшатын рейстер де кешігуде. Әуе компаниясының баспасөз қызметі аталған жайттың транзиттік жолаушыларды күтуге байланысты болып отырғандығын атап айтты.
«Компания рейстері кешіктіріліп жатқан жолаушыларға ыстық тамақтар мен демалатын орындар ұсынуда. Олардан осы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деді әуе компаниясының өкілі.