Ақтау әуежайының жабылу себебі аталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық әуежайы уақытша жабылды. Мекеме қызметкерлері мұның ұшып-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарымен байланысты екендігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz порталына сілтеме жасап.
None
None

Әуежай қызметкерлері ұшып-қону жолағы тек 27 және 28 маусым күндері, сағат 13.00-20.00 аралығында істемейтіндігін жеткізді.

«Жөндеу жұмыстары ұшып-қону жолағының орта бөлігінде жүріп жатқандықтан, жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін ұшақтар ұшпайды. Авиакомпаниялар алдын ала ескертілді», - деп мәлім етті Ақтау әуежайынан.

Әуежай 29 маусымнан бастап жұмысын қалыпты режімде жалғастыратын болады. 

Соңғы жаңалықтар