Ақтау - Форт-Шевченко тас жолында жүк көлігі өртенді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау - Форт-Шевченко тас жолында Сайын Шапағатов кентінің маңында шамамен - 8:40-та .жүк көлігі отқа оранды.
Оқыс оқиғаны көргендердің айтуынша, көлік азық-түлік пен арнайы киімді тасымалдаған.
От кабинаның астында пайда болып, тез тарады. Жапа шеккендер жоқ, дейді олар. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барды. Толығырақ ақпарат жайлы кейіндеу хабарланады, деп жазды Лада.kz.