Ақтау гарнизонының мыңнан астам теңіз жаяу әскері жауынгерлік атыстарға қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Бөлімшелердің жауынгерлік атыс дайындығы тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары түріне жатады, әрі бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру мен атыс жаттығуларының соңғы кезеңі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

атыс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметшілер бұған дейін қысқы оқу кезеңіндегі мамандық бойынша дайындық барысында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеп, саптық және атыс дайындығынан дербес түрде өткен болатын.

атыс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

– Әскери қызметшілер «Оймаша» полигонында қазіргі заманғы жалпы әскери ұрысты жүргізу, қорғаныс кезінде, шабуылдау мен жергілікті жерді барлау барысында іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтап жатыр. Сабақтың үштен бірі түнгі жағдайда өтуде, – деп түсіндірді шабуылдау батальонының командирі майор Фархат Манабаев.

атыс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бөлімшелердің үйлесімділігі тактикалық тапсырмаларды орындау кезінде тексеріледі. Командирлер атысты басқару мен бөлімшерлердің ұрыс қимылдарынан тәжірибе алса, әскери қызметшілер бөлімше құрамындағы іс-қимыл тәртібін бекітеді.

– Жауынгерлік атыстарды орындау кезінде бөлімше командирінің іс-қимылы оның бөлімшені шапшаң, дұрыс және нақты басқару қабілетіне қарай бағаланады, – деп нақтылады батальон командирі.

атыс
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Жауынгерлік дайындық іс-шараларына 50-ге жуық әскери техника жұмылдырылған. Жауынгерлік дайындықтың келесі кезеңі взводтарды үйлестіру болмақ.