Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағын одан әрі дамыту мәселесінің жаңа жолдары анықталды

деп хабарлады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.
Отырыс барысында «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры Берік Уандықовтың ақпараты тыңдалды. Теңіз портының басшысы Б. Уандықов өз баяндамасында айлақтың қазіргі жағдайы мен алдағы уақыттағы даму перспективасын, сондай-ақ кәсіпорынның 2010 жылғы және ағымдағы жылғы І тоқсанындағы өндірістік көрсеткіштерін атап өтті. 2010 жылғы нәтижелерді кәсіпорынның бекітілген көрсеткіштері табысты орындалғаны 12,9 млн. тонна жүк тасымалданып, жоспардан 6,8% артуы көрсеткіштерінен аңғарылады. Жүктің барлық түрлері бойынша жоспарланған көрсеткіштер толығымен орындалды. Соның ішінде, 9,5 млн.тонна мұнай, 1 млн. 963 мың тонна болат, 310 мың тонна басқа да жүктер, 406 мың тонна астық және 603 мың тонна паромдық жүк тасымалданды. 2011 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша 2,8 млн.тоннадан аса жүк тасымалданды, яғни, бекітілген көрсеткіштердің 104,7% құрады, соның ішінде, мұнай мен болатты тасу көлемдері жоспарланған деңгейде жүргізілуде, яғни 2,1 млн.тонна мұнай және 385 мың.тонна болат тасымалданды.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК 2010 жыл бойы белсенді маркетинг жасау саясатын жүргізіп отырды. Жүктің қазіргі түрлерін сақтап, жаңа түрлерін тарту бойынша және транзитті дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылды. Паромды тасымалдауды жандандыру шеңберінде жүктердің көлемі артып, номенклатурасы кеңейтілді.
Соңғы бес жылда Ақтау портын сол жақ бағытта кеңейту жобасы іске асырылуда. Осыған орай, қорғаныстық гидротехникалық құрылғыларын (мол құрылғысы және толқын тойтарғыш) салумен қоса теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу арқылы негізгі инфрақұрылым жасалуда. 2011 жылғы бірінші жарты жылдық кезеңінде «Волнолом» нысанын аяқтау жоспарлануда. Жаңа айлақтар жылына 2 млн. тонна құрғақ жүкті сұрыптаудан өткізуге және өңірлік жобаларды қолдауға ықпал етіп, экспорттық-импорттық тасымалдаулардың одан әрі дамуына мүмкіндік ашатын болады. Сонымен қатар, 2011-2013 жылдарға арналған Өндірістік тиімділікті арттыру бағдарламасы дайындалды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, министр Б. Камалиев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК басшылығына «Ақтау портын сол жақ бағытта кеңейту» жобасы шеңберінде қаржыландыруды одан әрі жалғастыру жөнінде ұсыныстар енгізуді, теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізе беруді тапсырды. Сондай-ақ порттың логистикасын дамыту тұжырмдамасын «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығымен байланыса отырып әзірлеу жөнінде ұсыныстар беруді тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпорынға кейбір жүктердің тасымалдануы төмендеуіне байланысты жүктерді диверсификациялау бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Ал көлік және қатынас жолдары комитетіне порттың теңіз әкімшілігін құру мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындау міндеттелді.