Ақтау қалалық сотының бұрынғы басшысы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға сотталды

АҚТАУ. KAZINFORM – Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллинге үкім шықты. Ол пара беріп, алаяқтық жасады деп айыпталды. Шайдуллин 20 миллион теңгеге сотталушыға үкімді жеңілдетуге уәде берген.

Бауыржан Шайдуллин
Фото: tumba.kz

Оған қатысты сот төрт айға созылды. Бастапқыда бұл істі Ақтау қалалық соты қарап, кейін Мұнайлы аудандық сотына берілген. 

- Бүгін Мұнайлы аудандық сотында Бауыржан Шайдуллинге қатысты іске нүкте қойылды. Оған тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның серіктесі - сот орындаушысы Ринат Жанахметов 8 жылға сотталды. Бұрынғы судьядан мемлекет кірісіне оның банк ұяшығынан табылған 16 миллион теңге тәркіленді.

Ал, жәбірленушілердің сотталушылардан 1 миллион теңге талап еткен талап арызын сот қараусыз қалдырды, - делінген хабарламада. 

Бұған дейін, Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталған сәттің видеосы жарияланған болатын.

Содан соң Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды деп жаздық.

Соңғы жаңалықтар