Ақтау қаласы тұрғындары санының артуына байланысты жаңадан 6 сайлау учаскесі ашылған

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтау қаласы тұрғындары санының артуына байланысты жаңадан 6 сайлау учаскесі ашылды. 20 қараша күні қала бойынша 83 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласы тұрғындары санының артуына байланысты жаңадан 6 сайлау учаскесі ашылған

Сайлау күні қала бойынша 585 комиссия мүшесі жұмыс істейді.

«Биыл 83 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұрын 77 учаске болатын. Оның себебі – Ақтау қаласында жаңа шағынаудандардың ашылып, тұрғындардың санының артуы. Қала бойынша қазіргі таңда 148944 сайлаушы бекітілді», - деді Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Іскендіров.

Сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бюлеттеньдер алынған.